Жаңатас көпсалалы колледжі


Мен осы сайттын авторы Узекбаев Өмірәлі. Жаңатас көпсалалы колледжіне 2009 түстім. Қазір 4 курс білімгерімін. Сайт жасаумен былтырғы жылдан бастап айналысып келем. Бастапқы кезде HTML және CSS тілін меңгеруді ұйғардым. Одан әрі интернет ғаламторында сайттарды қарай отырып олардың динамикалық қасиетіне қызықтым. Іздеу серверлері арқылы CMS (система управления содержимым) таныстым. Олардың басым көпшілігі PHP тілінде жазылғандықтан, сол тілді игеруге кірістім. қызық та әрі мүмкіншілігі мол бұл тіл мені әбден үйіріп әкетті. Міне енді сол үйренгенімнің арқасында осы сайтты жасадым.

Осы сайтты жасаудағы мақсатым колледжімізді таныстыру және Қазақстан интернетінің дамуына қосқан менің кішкене ғана үлесім деп білерсіз.

Менің көзім жеткені - жүзеге асыруға болмайтын нәрсе жоқ. Бәрін де жасауға болады. Ең бастысы, бұған ниет пен қолдау қажет.

 


Хостинг от uCoz